Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрлыбек Сайымов жаңа қызметке тағайындалды

01.07.2020, 12:10 1973 2

HALYQLINE.KZ  Қармақшы ауданы әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлының өкімімен Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес 2020 жылдың шілде айынан бастап ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің лауазымымен көзделген міндеттерді уақытша атқаруға міндетті арнайы тексеруден өткені туралы нәтижелерді алған күніне дейін еңбек шарты негізінде қызметіне қабылданды.

Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сонымен бірге 2013-2015 жылдары «Болашақ» университетінде «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2008-2011 жылдары «Қармақшы таңы» газеті редакциясының компьютер орталығының жетекшісі болып бастаған.

2011-2014 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы;

2014 жылы «Туған ел келбеті» ЖШС-нің кадр жөніндегі маманы;

2015 жылы «Қармақшы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесінің инженері;

2015-2017 жылдары Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы;

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: