Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Индира Ақжігітова бөлім басшысы болды

29.07.2020, 11:00 1055 1

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 28 шілдесінен бастап Ақжігітова Индира Сансызбайқызы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Индира Сансызбайқызы 1973 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «физика, информатика және есептеуіш техника», 2009 жылы Қарағанды экономикалық университетін «есеп және аудит» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда политехникалық институтында физика және электротехника кафедрасының ассистенті қызметінен бастап, кафедра оқытушысынан бастаған.

1997-1999 жылдары Қызылорда облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары;

1999-2005 жылдары Қызылорда облыстық білім берудің жаңа технологиялар орталығы директорының міндетін атқарушы, директоры;

2005 жылы «Қызылорда облыстық білім берудің жаңа технологиялар мен информатизациялау орталығы» МҚК директоры;

2005-2007 жылдары Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас маманы;

2007-2009 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі;

2009-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау және дамыту бөлімінің меңгерушісі, бөлім басшысы;

2015-2017 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы;

2017-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары-электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы;

2018-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының орынбасары, Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы;

2019 жылдың сәуір-қараша айлары аралығында «Agile Solutions» ЖШС бас директоры;

2019 жылғы желтоқсан айынан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер:
  • Қай жұмысты істесе де жауапкершілік жүгін сезінетін, жаңа технологияны жетік меңгерген білікті маман.
    Жауапты қызметінде Индираға жетістіктер тілеймін.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: