Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!