Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Давид Лория – Нұр-Сұлтан футбол федерациясына президенті

04.06.2020, 15:55 529

HALYQLINE.KZ Нұр-Сұлтан қалалық футбол федерациясы қауымдастығының кезектен тыс конференциясы өтті. Онда басты мәселе ретінде қалалық федерация президентін кезектен тыс сайлау жайы қаралды.

Федерацияның Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, конференция қорытындысында ұйым басшылығына танымал футболшы Давид Лория келді. Давид Лория Қазақстан, Ресей, Түркия, Швеция клубтарында өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының сапында жастар әлем чемпионатында ойнаған. Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында 45 ойын өткізген. Ол – еліміздің үш дүркін чемпионы, кубок иегері. Футболшы ретіндегі спорт мансабын аяқтағаннан кейін спорт менеджменті мамандығы бойынша білім ала бастаған. УЕФА желісінде де білімін жетілдірген. Айта кетерлігі, Давид Лорияның кандидатурасын осы күнге дейін федерация президенті болған Мәлік Хасенов ұсынды.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: