Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәурен Тлеумбетов жаңа қызметке тағайындалды

16.06.2026, 11:35 56

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2026 жылғы 16 маусымдағы №02-05/43 бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды halyqline.kz.

Дәурен Оңғарбайұлы 1985 жылы 13 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.

2003-2007 жылдары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «журналист», 2009-2011 жылдары осы университетті «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2024-2025 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Өңірлік даму» бағдарламасымен білім алып, «Бизнес және басқару» магистрі дәрежесін иеленген.

Еңбек жолын 2009 жылы Қазалы аудандық «Қазалы» газетінде әдеби қызметкер ретінде бастаған. 2011-2013 жылдары аталған газеттің жауапты хатшысы болды.

2013-2014 жылдары Қазалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, 2014-2017 жылдары «Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2017-2020 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2020 жылы Қазалы қаласы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары «Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды. 2021 жылдан осы тағайындауға дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: