Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бөлім басшысы тағайындалды

29.06.2020, 8:50 1094

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 25 маусымнан бастап Бағлан Бақытжанұлы Аманкелдиев «Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бағлан Бақытжанұлы 1993 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «экономика және бизнес», Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда облысы бойынша салық департаментінде іс жүргізуші қызметінен бастаған.

2015-2017 жылдары Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Талдау, есептеу және салықтық бақылау» бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, «Тіркеу, ақпараттық технологиялар ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы;

2017-2018 жылдары Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Камералдық бақылау» бөлімінің бас маманы;

2018-2019 жылдары қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы сатыларынан өткен.

2019 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: