Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқармаға жаңа басшы келді

29.09.2021, 12:15 473

HALYQLINE.KZ Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына Жаңабаев Ерлан Мақсотұлы тағайындалды.

Жаңабаев Ерлан Мақсотұлы 1983 жылы туған. Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын «инженер-экономист», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясын «Мемлекеттік цифрлық басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Атырау облысының әкімдігінде бас маман болып бастап, 2007-2011 жылдары Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бірнеше бөлімдерді басқарып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2015 жылдары – Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі болған. 2017-2018 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;

2018 жылдың маусым айынан Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: