Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

15.10.2020, 11:20 1072 0

HALYQLINE.KZ Арал ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Қызылорда облысы әкімі аппаратының біріңғай конкурстық комиссияның қорытынды шешіміне сәйкес, Арал ауданы әкімінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 241-ө/жқ өкімімен Талекенов Ербол Сәтбайұлы тағайындалды.

Талекенов Ербол Сәтбайұлы 1983 жылы 27 қаңтарда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша және 2011 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы, Сары-Арқа ауданы бойынша Салық комитетінде маман қызметінен бастаған. 2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік комитетінде маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшысы;

2015-2016 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы;

2017-2018 жылдары Қазақстан Респбликасы Инвестициялар және даму министрлігінің құжаттау және бақылау департаментінің басқарма басшысы және «Жолаушылар тасымалы», «Теміржолсу» акционерлік қоғамдарында Президентінің кеңесшісі;

2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін «Теміржолсу-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас инженер қызметін атқарған.

Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп, өсіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: