Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Си Цзиньпин кешкі асқа неге келмеді?

16.09.2022, 15:00 710

HALYQLINE.KZ

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде 11 елдің басшысы жиналған кешкі асқа келмеді. Бұған қытай делегациясындағы карантин шектеулері себеп болды, деп Өзбекстан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып Reuters агенттігі хабарлады.

69 жастағы Си Цзиньпин коронавирус індеті басталғалы бері алғаш рет шетелге сапарға шығып отыр, деп жазды агенттік.

Си Цзиньпин саммитке қатысушылардың ортақ суретіне түспеді, кешкі асқа да келмеді. Қонақасына Ресей президенті Владимир Путин, оның түрік әріптесі Режеп Тайип Ердоған, Беларуь басшысы Александр Лукашенко, басқа да ресми тұлғалар жиналды. Кешкі астан бөлек, мемлекет басшылары Самарқанд қаласындағы «Мәңгілік шаһар» тарихи-этнографиялық кешенінде серуендеп, шыбық отырғызды.

Іс-шараларда түсірілген суреттерде мемлекет басшылары медициналық маскасыз жүргенін, бірақ делегацияның кейбір мүшелері маска тағып алғанын байқауға болады.

Саммитке Қытай, Ресей, Түркия, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Әзербайжан, Түркіменстан президенттері және Үндістан мен Пәкістан премьер-министрлері қатысып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: