Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер абыроймен оралды

26.04.2022, 14:00 318


HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен «Динамо» орталық кеңесінің Петропавл қаласында ерлер арасында қазақ күресінен чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері – Абдуллаев Ержан Серікбайұлы 90 килограмм салмақ дәрежесіндегі балуандармен сайысқа түсіп, жүлделі I-орынды қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар тұғырының екінші сатысында – Тайбағаров Алмат Нұрлыбекұлы. 82 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен, бұл палуан күміс жүлдегері атанды. Дегенмен, ол болашақта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізуді көздеуде. Екі қызметкер де чемпионатқа алдын-ала дайындалып, үлкен жауапкершілікпен қарады. Нәтижесінде, Қызылордалық полицейлер қарсыластарын ойсырата жеңіп, бәсекелестерінің арасында ерекшеленді.

Жеңімпаз-чемпиондар, спорт саласында қол жеткізген барлық жетістік пен жүлдері, сәтті өнер көрсетулері – тәлімгерлері Сейітов Дәулет мырзаның арқасы екенін айтып, алғыстарын білдірді. Өз кезегінде, тәлімгерлері жаттығушыларының бойына спортқа деген ерекше қызығушылықтарын оятып, үлгі болып келе жатыр.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: