Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада облыстық сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларына арналған оқыту семинары өтті

17.05.2022, 11:45 380

Қызылорда облыстық референдум комиссиясы сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларына арналған оқыту семинарын өткізді. Семинарға  200-ге жуық адам қатысты.

Жиында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы, республикалық референдумды дайындау мен өткізу, кейбір ерекшеліктері, комиссия қызметін құжаттамалық қамтамасыз етудің ерекшеліктері мен есеп берудің тәртібі, референдумды ұйымдастыру мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері, шетелдік байқаушылармен жұмыс мәселелері бойынша кеңінен түсіндірілді.

Семинардың спикерлер облыстық референдум комиссиясының төрағасы Ғалым Қонақбайұлы, комиссия хатшысы Аякөз Мұратбекқызы, төрағаның орынбасары Болат Нұржігітұлы, шетелдік байқаушыларға арналған жәрдемдесу орталығының жетекшісі Темірболат  Ыбырайұлы сөз алып, саяси жүйе туралы сөз қозғады. Сонымен қатар қалалық прокуратураның аға прокуроры Қуандық Бауыржан  референдумға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі туралы кеңес берді.

Семинар соңында облыстық референдум комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері референдумға қатысты сауалдарға толыққанды жауап берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: