Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада балалар үшін 50-ге жуық спорт алаңы салынады

20.06.2022, 9:40 72

HALYQLINE.KZ Балалар жылы аясында облыс әкімі демеушілер көмегімен қалада спорт алаңдарын салынатынын жеткізді. Бұл ретте жанашыр меценаттардың көмегі мол. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов аймақтағы ірі бизнес өкілдерімен кездесіп, қайырымдылық жасау және әлеуметтік осал топтарға қолдау шараларын жүзеге асыру барысын нақтылау туралы жиын өткізді.

Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Садық Мұстафаев қатысты. Мархабат Жайымбетұлы облыс орталығында демеушілер есебінен спорт алаңдарын салу туралы келісімге келгенін еске салды.

«Өткен басқосуда, өңіріміздің бетке ұстар құрылыс компаниялары, яғни «СМП-Қызылорда» мекемесінің басшысы Темірхан Әлімқұлов, «Бақ-Береке 2030» мекемесінің жетекшісі Қайрат Ерназаров біздің бастамаға қолдау көрсеткені естеріңізде болар. Бұл қолдауларды біз ерекше бағалаған едік, себебі, оны ескере отырып, Қызылорда қаласының аумағында 50 спорт алаңын салуды бастап жатырмыз», – деді М.Жайымбетов.

Осы ретте, облыс әкімінің орынбасары Арал ауданының Тоқабай елді мекеніндегі апатты мектепті қайта салуға ниет білдірген «Өмірзақ» мекемесінің басшысы Ержан Дәріқожаев пен балаларға арналған спорт алаңдарын салуда белсенділік танытып, құрылыс жұмыстарын алғашқы болып бастаған «Корпорация Алем-құрылыс» мекемесінің басшысы Русланбек Сейітмұратовқа алғыс білдірді. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды салуға ынталы кәсіпкерлерді барынша жылдам іске кірісуге шақырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: