Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 500-ден аса үміткер праймеризге тіркелді

01.09.2020, 17:30 365 0

HALYQLINE.KZ Қызылордада 17-29 тамыз аралығында праймеризге қатысушыларды ұсыну мен тіркеу жүргізілді. Жалпы І кезеңнің қорытындысы бойынша 508 үміткер ұсынылып, оның 502-і кандидат ретінде тіркелді. Ал 6 адамның өтініші кері қайтарылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Nur Оtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова мәлімдеді.

«Облыс бойынша 502 азамат кандидат ретінде тіркеліп, ал 6 адамның өтініші тіркелмей, кері қайтарылды. Себебі, 5 адам» Праймериз» ақпараттық жүйесіне партия мүшесі ретінде тіркелеміз деп, кандидат ретінде ұсынылып кеткен. Ал 1 азамат кандидат ретінде тіркелуге 2 рет өтініш берген. Өңірде кандидат ретінде тіркелген 502 азаматтың 164-і – әйел, оның ішінде, 22-сі – көпбалалы ана. Сондай-ақ, 31 тамызында праймериздің ІІ кезеңі басталды. Яғни, кандидаттар 1 апта бойы үгіт материалдары мен кездесу кестелерін дайындайды. Ал 7 қыркүйекте праймериздің ІІІ кезеңіне көшіп, өздерінің үгіт жұмыстарын бастайды. Канидаттар бұл кезеңде негізінен онлайн форматта кезудеслер өткізіп, өздерінің үгіт материалдарын тарата алады. Бірақ, үгіт материалдарын жапсыруға және баннерлер орнатуға болмайды», – деді Ләйлә Бегалықызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: