Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

21.07.2021, 16:45 1432

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайұлы сайланды. Сұлтанбек Тәуіпбайұлы 1956 жылы дүниеге келген. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «Инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Ауылшаруашылығы мелиорациясы» кафедрасында оқытушы ретінде бастап, 1994-1997 жылдары Қызылорда политехникалық институтының «Мелиорация және гидроэкология» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы және қосымша институттың қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы;

2003-2008 жылдары облыстық коммуналдық мемлекеттік «Қызылордасушаруашылығы» кәсіпорнының директоры;

2005-2007 жылдары Жалағаш ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаты;

2008-2012 жылдары Сырдария ауданының әкімі;2012-2015 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі;

2015-2019 жылдары И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры қызметтерін абыроймен атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: