Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында аудан әкімі болуға үмітті 6 кандидат тіркелді

13.10.2023, 15:00 340

2023 жылдың 5 қараша күні өтетін аудандар, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау Қызылорда өңіріндегі 7 аудан ішінен Сырдария және Шиелі аудандарында ұйымдастырылады.

Сайлау Күнтізбесіне сәйкес 10 қазан жергілікті уақыт 18.00-ден кейін кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Сайлау науқанына екі аудан бойынша барлығы 7 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3-еуі – саяси партиялар, 4-еуі – өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Ұсынылған 7 азаматтың 6-еуы тіркеліп, 1-еуі өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынып тасталды. Орташа бәсекелестік 1 орынға 3 адамнан келді. Кандидаттардың орташа жасы 47 жас, ал ең жасы – 39 жаста, ең үлкені – 60 жаста. Үміткерлердің ішінде әйел азаматшалар жоқ.

Кандидаттардың 4-еуі мемлекеттік қызметкер, 2-еуі – қазіргі әкім. Мамандығы бойынша 4-еуі – экономист, 1-еуі – заңгер және 1-і – құрылысшы.

10 қазан жергілікті уақыт 18-00-ден кейін кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталды. Бұл ретте кандидаттардың өз сайлау қорлары болмайды. Олар арнайы белгіленген шығыстар шеңберінде жұмыс жасай алады.

Кандидаттар үшін Шиелі ауданында 24 кездесу орны, 30 үгіттік баспа ілетін орындар дайындалды. Ал, Сырдария ауданында 15 кездесу орны, 19 үгіттік баспа ілетін орындар дайындалды.

Айту керек, сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Шиеліде 50402, Сырдариядау 22101 сайлаушы тіркелген.

Бүгінгі күні сайлаушылар үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты сервис жұмыс істейді. Тұрғындар saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады. Мұнан бөлек, сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: