Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық модель Mover журналының мұқабасына шықты

10.09.2020, 16:00 720

HALYQLINE.KZ Қазақстандық модель Ақерке Ысқақова халықаралық Mover журналының мұқабасына шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақеркенің модельдік бизнесте жүргеніне 15 жылдан асты. Осы уақыт аралығында ол әлемнің түрлі елінде жұмыс істеген. АҚШ-та тұрып жатқанына үш жылдай болды. Оның қоржынында Miss Nation Universe 2020, Miss Asia USA сияқты сұлулық байқауларындағы бірнеше жеңіс бар, ал жақында ол халықаралық Golden 1000 бизнес сыйлығының иегері атанды.

Сәнқой модель карьерасын армандайтын жастарға бірнеше кеңесін айтты.

«Ең алдымен менмендік болу керек және мықты болу қажет. Ешқашан берілмей, арманыңызға нық қадам басыңыз», – деп бөлісті ол.

Сонымен қатар, модель аустралиялық бренд үшін New York Fashion week 2019 сән апталығына қатысқан. Ол Topcity, Surreal, Faddy, Ellements, Gmaro, #1mag, FHM Netherlands журналдарының мұқабасына да шыққан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: