Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық 11 жастағы әнші «Голос. Дети» жобасында жеңімпаз атанды

03.05.2022, 15:44 509

Жерлесіміз Сағын Өмірбайұлы ресейлік «Голос. Дети» тележобасында жүлделі үшінші орынға ие болды. Сағын Өмірбайұлы — Шымкент қаласының тумасы. Аталған ән сайысының суперфиналына 3 үміткер шығып, өзара бақ сынасты. Жерлесіміз Сағын Өмірбайұлы суперфиналда «Единственная моя» әнін орындады. Ақтық сайыста дауыс беру нәтижесінде 40,6 пайызбен 8 жасар Аделия Загребина «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы атанды. Екінші орынды 32,2 пайыз дауыспен 12 жасар София Олареско иеленді. Отандасымыз 11 жасар Сайын Өмірбайұлы 27,2 пайыз дауыс жинап жүлделі үшінші орынға тұрақтады. Жас әнші сахна төрінде қолдау білдірген барша жұртқа алғысын айтып, тәлімгері, белгілі ресейлік әнші Полина Гагаринаға домбыраны сыйға тартты.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған телешоуға оралдық жас әнші Ержан Максим қатысты . Сондай-ақ, алматылық Данэлия Төлешова «Голос. Дети» жобасының Украинадағы нұсқасына қатысып, жеңімпаз атанды .


inform.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: