Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды

13.05.2022, 16:00 284

HALYQLINE.KZ Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 4 адам қайғылы жағдайға ұшыраған. Оның екеуі – бала. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері суға түсу маусымына орай қауіпсіздік шараларын үдетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев хабарлады.

– Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау үшін жедел-құтқару жасағаның күштері мен техникалары күн сайын дайындық жүргізуде. Сонымен қатар облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы жылы жалпы саны 510 рейд өткізілді. Айта кетейін, былтыр суға түсу маусымы кезінде 49 адам оқыс оқиғаға ұшырап, 16 азамат құтқарылған болатын, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: