Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қаңтар оқиғасы өмірімізді түбегейлі өзгертті»

08.02.2022, 10:50 699

HALYQLINE.KZ

Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында президент өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өскенін мәлімдеді.

«Бірақ, өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. Тәртіпсіздіктерден көптеген қазақстандық зардап шекті. Шағын және орта бизнес шығынға ұшырады. Соңғы мәліметтер бойынша, келтірілген шығын 100 миллиард теңгеден асады», – дейді президент.

Мемелекет басшысының айтуынша, жаңа үкіметтің алдында ел экономикасын тұрақтандыру және инфляцияны төмендету міндеті тұр.

Айта кетсек, бүгінгі отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріліп, үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: