Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаламгерлер мемлекет басшысына ашық хат жолдады

14.07.2023, 9:20 351

HALYQLINE.KZ

11 шілде күні Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алу ісі» бойынша үкім шығарғаны белгілі. Осы оқиғаға орай еліміздің бір топ қаламгері мен зиялы қауым өкілдері мемлекет басшысына ашық хат жолдап, қаңтаршыларға араша сұрады. Ашық хатты осыған дейін 70 адам қолдаған. Қол қою әлі де жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа

Ашық хат

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қасіретті қаңтар оқиғасына жыл толды. Осы уақыт ішінде қанды оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, түрлі комиссиялар, жұмыс топтары мен азаматтық қоғам өкілдері зерттеулер жүргізді. Бірақ әлі күнге дейін оқиғаның мән-жайы ашық айтылып, оның әділ бағасы берілген жоқ. Қанды оқиғаға қатысты түрлі деңгейдегі сот орындарында өткен процестерде өрескел заңсыздық орын алуда.

Сіз: «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауыңызда: «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет», – деген едіңіз. Алайда біз, қазақ қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, 2023 жылдың шілде айының 11 күні Қаңтар оқиғасы кезінде “әуежайды басып алу ісі» бойынша сотталған журналист Әйгерім Тілеужанға, белсенді Қалас Нұрпейісовке, Нұрлан Дәлібаевқа, Ермұхамет Шилібаевқа және Жанайдар Кәрменовке шығарылған үкімге қатысты қатал және түбегейлі келіспеушілігімізді білдіреміз. «Әуежай ісінің» үкімі халық қарсылығын күшейтіп, қоғамда резонанс туғызды. Бұл жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, осы іске ерекше назар аударуыңызды сұраймыз. Және де Ата Заңымызда белгіленген “халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі” ретінде Сізден жоғарыда аталған азаматтарға араша түсуіңізді сұраймыз.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Жаңа Қазақстаннан үмітті Қазақстан Республикасының барлық Халқы жаңа өзгерістерді күткен еді. Алайда, қоғамда әбден қалыптасып қалған ЕСКІ ЖҮЙЕНІҢ салқынын әлі де сезінудеміз. Әділетті Қазақстанның берік орнығуы үшін «Қасіретті қаңтар» оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан сот процестері әділ өтуі тиіс деп санаймыз. Сондай-ақ, Әділетті Қазақстан құру идеясына қарсы әрекет етіп отырған сот орындарындағы тұлғаларды әділ анықтап, оларға қолданыстағы заң аясында қатаң жаза қолданылуын сұраймыз.

Құрметпен, қазақ қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері:

1. Танагөз Толқынқызы

2. Анар Шамшадинова

3.Светқали Нұржан

4. Ақберен Елгезек

5. Қалқаман Сарин

6.Ұларбек Дәлей

7. Жанат Жанқаш

8. Мереке Мұқан

9. Жәнібек Әлікен

10. Қанат Әбілхайыр

11. Айбек Ережеп

12. Жангелді Немеребай

13. Олжас Сәндібек

14. Наурызбек Сарша

15.Оңғар Қабден

16 . Дәурен Тілеухан

17. Индира Кереева

18. Жанаргүл Қадырова

19. Айдана Қайсарбекқызы

20. Толқын Қабылша

21. Мерей Қарт

22. Ершат Қайболдин

23. Жәнібек Әлиман

24. Нұртас Тұрғанбекұлы

25. Нұрислам Әбділ

26. Мирас Мұқаш

27. Арайлым Мұратәлиева

28. Арман Шеризат

29. Гүлжайнар Қалдина

30. Ықылас Ожай

31. Дамир Әбенов

32. Ерік Нарын

33. Рысгүл Досжанова

34. Еламан Қасен

35. Мұхтар Күмісбек

36. Мерген Тоқсанбай

37. Хамит Есаман

38. Ділдә Уәлибек

39. Қайсар Қауымбек

40. Ержан Алаштуған

41. Серік Ақсұңқар

42. Ырысбек Дәбей

43. Байбота Қошым-Ноғай

44. Қуаныш Жазайын

45. Сәкен Сыбанбай

46. Асылбек Жаңбырбай

47. Ілияс Мұқаев

48. Тілеген Әли

49. Бекзат Смадияр

50. Елдос Тоқтарбай

51. Дәурен Айманбет

52. Қуаныш Жазай

53. Ұларбек Нұрғалымұлы

54. Сезім Мергенбай

55. Мақпал Мыса

56. Мақсат Дауылпаз

57. Қарлығаш Қабай

58. Бақытбек Қадыр

59. Мерей Қарт

60. Айгүл Бажанова

61. Қайрат Жолдыбайұлы

62. Абзал Бөкен

63.Айгүл Жұмаділ

64.Аршын Нұрбақыт

65.Қанағат Әбілхайыр

66.Жібек Болтанова

67. Бақтияр Қабас

68. Байжұма Асылбек

69. Айша Турмаганбетова

70. Санжар Нұрғанатұлы

Еске салайық, атышулы сот отырысынан кейін қазақ қоғамы бұл оқиғаны әртүрлі қабылдаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: