Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

27.05.2022, 17:45 569

HALYQLINE.KZ Қалалық мәслихаттың кезекті 20-сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне «Мемлекеттік бағдарламалар аясында Қызылорда қаласында білім беруді дамыту», 2021 жылға арналған қала, кент және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді бекіту, қалалық мәслихаттың құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі, «2022-2024 жылдарға арналған кент және ауылдық округ бюджеттеріне өзгерістер енгізу», «Қызылорда қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу», «Қызылорда қалалық жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту туралы» мәселелері шығарылып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қала әкімінің орынбасары А.Қасымова, қалалық қаржы бөлімінің басшысы С.Айменов, Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Ерназаров, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қала әкімі аппараты басшысының м.а. А.Дүйсембаев, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Омаров хабарлама жасады.

Сессия отырысына қала әкімі А.Шәменов, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Т.Ілиясов, қала әкімінің орынбасарлары А.Қасымова, Ж.Сейілов, Р.Нұрмағанбетов, қалалық дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіндегі білім саласының мәселелері кеңінен талқыланды. Аталған мәселені сессия қарауына әзірлеу мақсатында сала мамандарының қатысуымен басқосулар, депутаттық аралау шаралары ұйымдастырылып, жан-жақты талқыланған болатын. Осы зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаты Г.Мұсаева қосымша хабарлама жасады.

Қалалық мәслихат тарапынан оқушылардың психологиялық, әлеуметтік жағдайына, көңіл күйіне күнделікті бақылау жасау, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың тұрақсыздығынан туындайтын проблемалардың алдын-алу шараларын тұрақты ұйымдастыру, Қала бойынша мектептерде үш ауысымдық оқуға ықтималдық болған жағдайда, нақты жоспарлардың болуын жүзеге асыру, «Үздік аттестат», «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың білім сапасының жағдайына тиісті талдамалар жүргізуге ерекше мән беру, білім ұйымдарын күрделі жөндеу жұмыстарына дайындалған жоба сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамадан өткізілген мерзімінде қаражат бөлінуін жоспарлау, жеке меншік балабақшалар мен қосымша білім беру орталықтарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу, оқушылардың жол қауіпсіздігі жағдайын басты назарда ұстау, қала бойынша №261, №178, №172, №257, №271, №197, №179 мектептер және «Күнекей» «Сыр Шуағы», «Ер Төстік», «Нұрбесік», «Заңғар», «Сыр Бөбегі», «Бегім Ана» балабақшаларының жылу қазандықтарын газдандыру, жаңадан бой көтерген Астана, СПМК, Саяхат, Арай мөлтек аудандарында мектептер салуды алдағы жоспарларға енгізу, қалалық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балалар демалыс орнының болмауына байланысты, оқушылардың жазғы демалысын жүйелі ұйымдастыру туралы ұсынылды.

Қала әкімі А.Шәменов сессия барысында өзекті мәселелерге байланысты өз пікірін білдірді. Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев төрағалық етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: