Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала күні аталып өтіледі

21.09.2020, 11:00 571

HALYQLINE.KZ Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілістегі үшінші мәселе «Қала күні» қарсаңында ұйымдастырылатын мерекелік шаралар тақырыбына арналды. Бұл тралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов баяндады.

Биылғы жылы Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларды 21-26 қыркүйек аралығында 1 апта өткізу жоспарлануда. Мерекелік іс-шараларды іске асыру эпидемияға қарсы карантиндік режимге байланысты санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын қабылданған шектеулерге байланысты үйлестірілетін болады. Осы ретте, іс-шаралар жоспарын дайындау барысында карантиндік ахуал ескеріліп, халықтың жаппай жиналуына жол бермей жаңа тәсілдерді қолдану арқылы ақпараттық тұрғыда және онлайн форматта ұйымдастырылады. 60-қа жуық мерекелік іс-шара онлайн форматта Ютуб каналы мен Фейсбук, Инстаграм тағы басқа да әлеуметтік желілері арқылы көрсетілетін болады. Негізгі мерекелік шаралар 25 қыркүйекте жаңадан және қайта жаңғыртудан өткен әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру салтанатымен ұштасады.

Атап айтқанда, түске дейін облыс және қала әкімінің қатысуымен «Денсаулық» саябағын пайдалануға беру, қайта жаңғыртудан өткен «Сыр ана» алаңының жұмысымен танысу, Жаппасбай батыр көшесі бойындағы жаңа №282 мектеп-лицейін пайдалануға беру, облыстық медицина орталығы алдында «Дәрігерлер» аллеясының ашылуы, жаңадан салынған балалар ойын алаңын пайдалануға беру, мемлекет және қоғам қайраткері Ы.Қалиевтің ескерткіш бюстінің ашылуы, қайта жаңғыртудан өткен «Тағзым» алаңының жұмысымен танысу, сол жағалаудан салынған көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілтін табыстау рәсімдері жүзеге асырылады.

26 қыркүйек сенбі күні мерейлі мерекеге тарту ретінде Қызылорда қаласы және барлық аудандардың қатысуымен биылғы жылдың алғашқы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі арнайы белгіленген орындарда өтеді.

Мәжіліс соңында қала әкімі сала басшыларына жүктелген тапсырмаларды тиянақты орындап, жүйелі әрі қарқынды жұмыс істеуді және қала күнін тойлауда сақтық шараларының қатаң сақталуын нықтап тапсырып, барлығы тікелей өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: