Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі медицина қызметкерлерін құттықтады

19.06.2022, 16:00 396

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!
Қадірлі сала ардагерлері!

​Баршаңызды медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

​Қашанда азаматтардың денсаулығын сақтап, дертінің дауасын, сырқатының шипасын тапқан ардақты мамандық иелерінің қоғам мен ел алдындағы еселі еңбегі жоғары бағаланып, адам жанының арашасына баланған.

​Жер жүзіне індет тарап, дүдәмал дертке дауа іздегенде дәрігерлеріміз әзиз басын арашаламай, елдің амандығы үшін алдыңғы шепке шықты. Осындай сындарлы сәтте дәрігерлер қауымының жанкешті еңбегін, бейбіт күндегі батырлыққа тән ерлігін ел болып қадірлей түстік.

​Қалыптасқан қиын кезеңде ғана емес күнделікті анттарыңызға адал қызмет атқарып, халықтың сенімін арқалап, аймағымыздың медицина саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін.

​Тиянақтылық пен ұқыптылықты, асқан ыждағаттылықты талап ететін қиындығы көп, жауапкершілі жүгі ауыр салада құрметке лайық қызмет атқара беретіндеріңізге сенемін.

​Кәсіби мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке табыс тілеймін.

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі А.Шаменов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: