Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент: Бұл – ел тарихындағы ең ауыр дағдарыс

10.01.2022, 13:00 107

HALYQLINE.KZ ҚР Презиент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында кейінгі күндердегі ахуалды ел тарихындағы ең ауыр дағдарысқа теңеді.

«Құрметті әріптестер, кезектен тыс саммитімізді өткізу төтенше оқиғалармен байланысты болып отыр. Қаңтардың бірнеше күнінде Қазақстан ауқымды дағдарысты басынан өткерді. Ол тәуелсіздік тарихының 30 жылындағы ең үлкен, ауыр дағдарыс болды. Мұндай шынайы қатердің деңгейіне жалпы біздің ұйым да тап келіп көрген емес», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Маңғыстау облысындағы бейбіт шерудің жалғасы бірқатар өңірде жаппай тәртіпсіздікке ұласып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеру үшін көмек сұраған болатын.

10 қаңтар күні ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы мәлімдеме жасады. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Маңғыстау облысында ҰҚШҰ әскері орналасқан деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, ҰҚШҰ әскері дағдарыс аяқталғаннан кейін елдеріне қайтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: