Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оппозиция  жау  емес

16.05.2026, 21:10 34

HALYQLINE.KZ

– Конституцияда биліктің бастау көзі халық екені жазылған. Бірақ сол бап далада қалды. Елде ешбір партияға кірмейтін 12,5 млн электорат бар. Қазір осы адамдардың сайлану құқығы бұзылды. Жақында Қазақстанның саяси сахнасына тағы бір «қуыршақ» партия пайда болып, бір күнде аспаннан топ ете қалды. Неге «қуыршақ»? Өйткені партиялардың құрылу табиғатына мүлдем жат тәсілмен пайда болды. Әлемдік тәжірибеде партия төменнен бастап құрылады. Партия – пікірлес азаматтардан жасақталып, билікке ұмтылатын саяси ұйым. «Әділет» осы қағиданы жоққа шығарды.

Партияның съезінде бастамашыл топтың өкілі, съезд модераторы Рауан Кенжехан журналистің: «Сіздер «Аманат» партиясына оппозиция боласыздар ма?», – деген сұрағына: «Біз ешкімге оппозиция емеспіз, жау іздемейміз. Шешетін мәселеміз көп, соларды іске асыруда көмектесетін жақтасымызды көбейтуге тырысамыз», – деп жауап берді. Сонда бұлар оппозицияны жау деп түсіне ме? Оппозиция деген термин басқа пікірдегі адамға, топқа, партияға қатысты айтылады. Тіпті бір отбасының өзінде пікірі өзара сәйкес келмейтін адамдар болады. Сонда олар бір-біріне жау ма? «Әділет» партиясы «Аманатқа» оппозиция болмаса, онда екі партия бір адамның екі қолы сияқты болмай ма?

Саяси жүйеде партиялар алған бағытына қарай солшыл, центристік және оңшыл бағыттағы партия болып жіктеледі. Солшыл бағыттағы партия өзгеріс үшін күресіп, халықтың мүддесін қорғауды мақсат етеді. Оңшыл партия қоғамдық құрылысты өзгертуді қаламайды, күшті мемлекеттік құрылысты қолдайды, заңдылықты қуаттайды. Ал центристік бағыттағылар қоғамды біртіндеп, реформалар арқылы өзгертуді ұстанады. «Әділетті» құрушылар осындай жіктелудің не екенін білмей ме?

АҚШ-тың 16-президенті, Америка халқының ұлттық батыры Авраам Линкольннің: «Халықтың бір бөлігін өмір бойы ақмақ етуге болады, бүкіл халықты азғана уақыт ақымақ ете аласың, ал бүкіл халықты өмір бойы ақымақ ете алмайсың, оған көнбейді», – деген тарихи сөзі бар. Билік осыны ескермей отыр.

Есенғазы  ҚУАНДЫҚ,

тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор.

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірі)

Фото: bureau.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: