Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өз ойы, мінезі жоқ орындаушылармен «Жаңа Қазақстан» құрылмайды

15.05.2022, 10:00 1221

HALYQLINE.KZ

Ескі адамдармен «Жаңа Қазақстан» құру идеясы – қиял ғана. Бізге сенаттың не керегі бар? Жеріміз үлкен болғанмен, шағын елміз. Сондықтан мәжіліс пен сенатты, «Аманат» партиясын таратып, орнына мемлекетшіл азаматтарды әкелу керек. Бұрынғы «ләппай-тақсырлар» сол екпінмен, сол сарынмен сөйлей береді. Президент не айтса, соны орындап жүре береді. Өздерінің ойы, мінезі жоқ. Ондай орындаушылармен «Жаңа Қазақстан» құрылмайды. Ақорда мен үкіметтегі жағдай да осы тектес. Олар – тегін тұрып жатқан жақсы пәтерін, жаңа көлігін, креслосын, ай сайын алып отырған қомақты айлықтарын, мансаптың арқасында, жүргізіп отырған бизнестерін қимайды. Солай отыра бергілері келеді. Осындай масылдар мен жағымпаздардан арылмай, төрт құбыласы түгел мемлекет құра алмаймыз.

Ақын  Темірхан  Медетбектің  «Жас  Алаш»  газетіне  берген  сұхбатынан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: