Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімінің орынбасары қаладағы құрылыс жұмыстарын бағамдады

18.07.2022, 10:15 375

HALYQLINE.KZ Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов Қызылорда қаласындағы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандардың жұмысын саралады.

Алдымен, Мархабат Жайымбетов «СПМК-70/2» кварталында орналасқан 50 пәтерлік 10 ипотекалық тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазір құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жыл аяғына дейін 33 615 шаршы метр болатын 500 пәтер пайдалануға беріледі. Облыс әкімінің орынбасары мердігер компания өкілдеріне нысанды сапалы аяқтап, межеленген уақытында тапсыру керектігін қаперге салды.

Мұнан соң, Мархабат Жайымбетов Бәйтерек мөлтек ауданындағы бірнеше жобаның жүзеге асырылуын бағамдады. Тұрғындар үшін маңызды саналатын жол салу, ауыз сумен қамту, көгілдір отын жүргізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, Бәйтерек-2 мөлтек ауданына кіре-беріс көшесіне орташа жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталады. Облыс әкімінің орынбасары жаңа оқу жылында оқушылардың мектепке кедергісіз қатынауы керектігін ескертіп, жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды. Аталған мөлтек аудан көлемінің ұлғаюымен жаңа білім ошағын салу қажеттілігі туындағаны жасырын емес. Қазір бұл аумақта 600 орынға арналған мектеп құрылысы жүргізілуде. Нысанды жаңа оқу жылының І тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қалыптасқан геосаяси жағдайларға қарамастан облыс әкімдігі құрылыс компаниялармен ортақ мәмілеге келді. Бастау алып, жұмысы жоспарланған жобалар аяқсыз қалмайды.  

– Қазір Бәйтерек мөлтек ауданында 1800-ден астам тұрғын үй салынған. 8000-ға жуық тұрғыны бар. Жаңадан бой көтерген мөлтек аудан болғаннан кейін, бірінші кезекте, жол керек. Облыс әкімі тағайындалғаннан кейін, Бәйтерек-1, Бәйтерек-2 көшелерін салуға 500 миллион теңгедей бөлуге ықпал жасады. Осы секілді инфрақұрылымды, инженерлік желілерді салу мен жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазір құрылыс заттарының қымбаттағаны барлығымызға мәлім. Осыған байланысты 3-4 ай бұрын облыстық бюджеттік комиссия қосымша 3,5 млрд теңге бөлген екен. Бүгінгі таңда аймақтағы құрылыс компаниялармен құжатта көрсетілген қаржымен құрылысты бітіру жөнінде келесімге келдік. Өзіміздің тарапымыздан олардың кейінгі жобаларын қаржыландыруға көмектесетін боламыз, – деді М.Жайымбетов.

Әрмен қарай, облыс әкімінің орынбасары бастаған топ Бәйтерек мөлтек ауданы және №222 мектеп аумағындағы балаларға арналған ойын алаңы құрылысының барысымен танысып, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Қарауылтөбе елді мекеніндегі 150 орындық клуб құрылысының орындалу барысын таразылады. Шанхай, Оңтүстік аудандардағы және Тәжібаев, Бостандық көшесінің бойындағы су құбыры және кәріз желілерін реконструкциялау жұмыстарын саралады.

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов мердігер компания мен жауапты мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы тапсыруын тағы бір қаперге салды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: