Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Ибрагим Әбибуллаевты қабылдады

02.06.2022, 10:10 498

HALYQLINE.KZ Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қоғам қайраткері, еңбек ардагері Ибрагим Әбибуллаевты 75 жасқа толуына орай Сыр жұртшылығы атынан құттықтады.

Басқосуға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қалалық ардегерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев, еңбек ардегерлері Жарылқасын Шәріпов, Әбдіғаппар Әмірғалиев пен қоғам қайраткері Қожахмет Баймаханов қатысты.

Аймақ басшысы «Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» Ибрагим Әбибуллаевтың Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан еңбегін атап өтіп, «Құрмет» грамотасын табыстады. Қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

– Құрметті Ибрагим Сражадинұлы, Сізді Сыр жұртшылығы атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Ибрагим Сражадинұлы ел басқарудағы іскерлігінің, кәсіби шеберлігінің, тиянақтылығының арқасында халықтың әл-ауқатын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты сәтті жүзеге асыра білді.

Сіз облыстың орман, аң, балық шаруашылығы, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасына басшылық жасаған жылдары біршама жаңа өзгерістер енгіздіңіз.

Ибрагим Сражадинұлы Арал теңізінің құрғаған табанына сексеуіл егуді жалғастырып, барлық аудан орталықтарынан көшет өсіретін питомниктер ашты. Қазір барлық аудан соның игілігін көріп отыр. Арал мен каналдардың проблемасын Үкіметтік деңгейде көтеріп, милиардтаған қаржы бөлінуіне белсене атсалысты.

Бұл сіздің билік пен халық сеніп тапсырған қызметтің жауапкершілігін сезініп, бар күш-жігерін елге, туған жеріне қалтқысыз арнағаныңызды көрсетеді.

Аймақ экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал етіп, мемлекеттік қызметте жоғары дәрежеде қызмет еттіңіз. Сіздердің тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз қазіргі жастар үшін аса қымбат.

Сізді мерейлі жасыңызбен тағы да құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деді Н.Нәлібаев.

Жиында облыстың зиялы қауым өкілдері, ел ағалары туған күн иесінің еңбек жолынан естеліктер айтып, құттықтауларын жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: