Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Nur Otan» берген уәдесін орындайды

02.07.2021, 12:17 347

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында қала басшысы Қ.Қазантаевтың қатысуымен Астана қаласының 23 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Онда 10 белсенді партия қатарына қабылданып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар Алғыс хатпен марапатталды.

Қазір «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында 8700 мүше бар. Осы жартыжылдықтың ішінде партия қатары тағы 200-ге жуық адаммен толықты.

Қазір партия сайлаулалды бағдарламасындағы міндеттердің барлығын орындау үстіндеміз. Ел дамуына, әлеуметтік жағдайының жақсаруына партия уәде берді. Енді соны орындау үшін бес жылдық бағдарлама қабылданды. Және ай сайын сол бағдарламаның іске асуын есепке алып, назарда ұстап отырмыз, – деді «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының бірінші орынбасары Шәріп Абдрахман.

Барлық қала тұрғындарын алда «6 шілде – Елорда күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы мереке қарсаңында еліміздің бастауыш партия қатарына еніп, осыған дейінгі жасаған жұмыстарымыздың нәтижесі бағаланғанын сезініп отырмыз. Алдағы уақытта халқымыздың игілігі үшін аянбай еңбек етуге тырысамыз, – деді Қызылорда қалалық жастар ресурстары  орталығының кеңесшісі Медет Ерданаұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: