Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәлібаев Арал ауданына барды

31.10.2023, 17:10 328

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Арал ауданына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында аймақ басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын білім ордасының іргетасын қалау рәсіміне, 130 орындық жаңа бөбекжай-балабақшасының ашылуына қатысып, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға жаңа пәтер кілтін табыстайды.

Мұнан бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы фитоорман-мелиорациялық жұмыстармен танысады және құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдау өткізеді деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: