Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Лауазымдық қызметке тек бәсекелестік негізде жеңіп шыққан адам ғана тағайындалу керек

03.08.2021, 16:50 352

HALYQLINE.KZ

Еліміздің ең жоғары лауазым иесі Президенттің тапсырмасына байланысты орнынан алынған кадрлар мемлекеттік қызметке тағайындалмау керек. Бұл моральдік жағынан өте дұрыс. Өкінішке қарай, мұндай тағайындаулар орталық және жергілікті атқарушы орындарда болып тұрады. Бұрыннан да айтып-жазып жүрмін, жалпы лауазымдық тұлғаларды тағайындау құзыретін жекелеген министрлер мен әкімдердің қолына беріп қою олардың командасына біліктілік, іскерлік, адами қасиеттіліктен гөрі сол министрлер мен әкімдердің өздеріне ыңғайлы, солардың ығына ғана жүретін адамдарды алуға мүмкіндік жасап беруде. Біз оны реалды өмірде көріп жүрміз. Соның бір айғағы, өзімнің туып-өскен облысымда жақында ғана зейнетке шыққан, мемлекеттік қызметте жылға жетпей істеген азамат үлкен ауданның әкімі лауазымына, көлік мамандығын бітірген, жердің не екенін білмейтін адам жер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын қалай түсінуге болады? Мұны түп тамырымен заңдық негізде өзгертуіміз керек. Президенттің «кадрлық резервтерді үнемі жасақтап, жаңартып отыру керек» деген тікелей тапсырмасы неге орындалмайды? Лауазымдық қызметке тек бәсекелестік негізде жеңіп шыққан адам ғана тағайындалу керек. Оның біз алатын өркениеттік үлгілері жеткілікті. Тек ынта керек.

Мұрат  БАҚТИЯРҰЛЫ,

сенатор.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: