Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Келесі құрылтайдың қайда өтетіні белгілі болды

16.06.2022, 17:49 213

Президент Ұлттық құрылтай туралы бастаманы қолдаған баршаға ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz сайтының тілшісі.

Бүгінгі күні елімізде келелі кездесу өтуде. Егемен еліміздің болашақтағы бейнесі айқындалған референдумнан кейін ел азаматтарының бас қосуы болды. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өткен болатын. Енді бұл құрылтай да ел игілігіне оңды істерді қолға алатын бастама болатыны анық.

«Біз бүгін құрылтай жұмысының негізгі бағдарын айқындадық. Бұл құрылым демократия құндылықтарын орнықтыруға зор үлес қосары сөзсіз. Құрылтай жұмысы мұнымен шектеліп қалмайды. Біз жыл сайын тұрақты түрде кездесіп тұрамыз», деді Президент. 

Сондай-ақ ол қазақ даласында ел тағдыры шешілген тарихи орындар аз емес екенін атап өтті.

«Ұлытаудан бөлек, Ордабасы, Мәртөбе, Күлтөбе сияқты қастерлі жерлеріміз бар. Мен келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынамын. Құрылтайдың әр аймақта өту сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады», деп қорытындылады Мемлекет басшысы. 

Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайдың І отырысы аяқталды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: