Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Хон Бом До мемориалына гүл шоқтарын қойды

24.05.2023, 10:59 396

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасы Тэджон қаласының мэрі Ли Чан Ву мырзамен кездесуден кейін Тэджон ұлттық зиратына қайта жерленген генерал Хон Бом До мемориалына барып, тағзым етті.

Хон Бом До – Кореяның азаттығы үшін күрескен бірегей тұлға. Генерал өмірінің соңғы жылдарын Қызылорда қаласында өткізгені белгілі. Туған жерінде батырдың ерлік даңқы ұмытылмаған. Ал Қызылорда қаласында Хон Бом Доның құрметіне мемориал тұрғызылған және қала көшелерінің бірі оның есімімен аталады.

Қызылорда қаласында жерленген генерал Хон Бом До сүйегінің тарихи отанына қайтарылуы Қызылорда облысы мен Кореяның өңірлері арасындағы байланыстардың орнатылуына және дамуына зор серпін беруде.

Облыс әкімі Н.Нәлібаев және делегация мүшелері Тэджон қаласында орналасқан ұлттық зиратқа барып, «Отан үшін құрбан болған боздақтарға арналған мемориал» кешенінде болды. Генерал Хон Бом До зиратына Қызылорда халқының ыстық ықыласын білдіретін гүл шоқтарын қойды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: