Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халық» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті

23.02.2022, 15:45 297

HALYQLINE.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қызылорда облысы бойынша филиалының №2 бөлімінде «Халық» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті. Шараға облыстық мәслихаттағы «Nur Оtan» партиясы депутаттық фракция мүшесі Нұрболат Ибраев қатысты.

Күн тәртібінде бастауыш партия ұйымының жұмысы туралы және БПҰ-ның хатшысын тағайындау мәселелері қарады. Сонымен қатар, осы басқосауда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съездінің міндеттері мен партия жұмысын жаңарту туралы да айтылды.

Жиында «Халық» БПҰ-ның хатшысы Қайрамбаева Ақжан, бастауыш партия ұйымының 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебін берді.

БПҰ мүшелері хатшылыққа Азамат Серікбайұлын ұсынып, «Халық» БПҰ-ның жаңа хатшысына сайланды.

Жиын барысында Нұрболат Ибраев Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын еңсеріп, жаңа кезеңге аяқ басқан мемлекетіміздің жаңа даму жолында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегиялық бастамаларына қолдау білдіретіндігін жеткізді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съездінің міндеттері мен партия жұмысын жаңарту туралы партия мүшелеріне түсіндіріп өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: