Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді

02.07.2021, 17:40 468

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков және аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов еңбек ардагері, белгілі кәсіпкер Шолпан Сапабекқызын 70 жасқа толу мерейтойына орай кездесу өтті.

Кездесуде аудан әкімі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтіп, мерейтой иесіне ізгі лебізін жеткізді.

Саналы ғұмырыңызды ауданымыздың экономикасы мен кәсіпкерлік саласының дамуына арнап, өзіңіздің жайдарлы мінезіңізбен адалдықпен атқарған ісіңіздің зейнетін көрген кәсіпкер, іскер ұйымдастырушы және аяулы ана ретінде ел құрметіне бөленіп келесіз. Бүгінгі мерейлі мерейтойда өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.

Сонымен бірге қабылдауда аудан әкімі мерейтой иесі Шолпан Сапабекқызына облыс әкімінің «Құрмет грамотасын» және облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының құттықтауын, аудан әкімінің құттықтауы табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Ардақты ана, белгілі кәсіпкер Махмутова Шолпан Сапабекқызы 1951 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы жолаушылар қызметі саласында еңбек етіп келеді.

Қызылорда облысының автокөлік саласының құрылғанына 80 жылдығы медалімен, ҚР Индустрия және даму министрінің «Еңбек ардагері» мерекелік медалімен марапатталған.

Өз кезегінде Шолпан Сапабекқызы көрсетілген құрметке өзінің ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: