Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЕАЭО елдеріндегі ең жас және қарт министр кімдер?

22.01.2021, 10:30 675

HALYQLINE.KZ Ranking.kz компаниясы зерттеу жүргізіп, министрлердің жасы бойынша рейтинг жасады. 2021 жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ елдері министрлерінің орташа жасы 49,2 болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылардың пікірінше, ЕАЭО-ның ең жас министрлері Арменияда жұмыс істейді: олардың орташа жасы – 45,3. Ал ең жас министрлер Ресейде: мұнда орташа жас – 52,2.

Қазақстан рейтингтің ортасында: министрлердің орташа жасы – 48.

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ең кәрі министр – Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Ол – 70,8 жаста. Ең жасы Арменияда жұмыс істейді – әділет министрі Рустам Бадасян, оның жасы 30-да.

Қазақстан министрлерінің ішінде ең жасы – ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Олардың екеуі де 58-де.

Министрліктердің ең жас басшылары – жаңа ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев (33 жас), цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жас) және білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (38 жас).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: