Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дана Нұржігіт: «Демократияның орнына хайпократия келді»

02.09.2020, 14:10 888

Дана НҰРЖІГІТ, сенатор:

Алдымен санамызда серпіліс болуы керек. Бастысы, осынау сынақ кезеңде біз ең басты ұстанымдарымызды жоғалтпауымыз қажет. Қазір демократияның орнына хайпократия келді. Оны Президент те айтып өтті. Міне, сол хайпократияның жолында, жетесінде кетпей, өзіміздің басты мақсатымызды жоғалтып алмағанымыз жөн.

Біз заманымызбен бірге жүріп отыруымыз керек. Қазір пандемияның кесірінен мүлгіп, ұйқыдан оянған сияқтымыз. Өйткені өмірдің барлық саласындағы кемшін тұстар айқын көрінді. Соның бәрін орнына келтіріп, реттейтін басқа адамдар емес, өзіміз. Нәтиже беретіндей жұмыс істеу үшін халық пен билік бір болуы керек. Сондықтан өзін-өзі басқару жүйелері, мемлекеттік аппараттың әрекеті шұғыл болуы қажет. Бәрі ашықтық негізінде, бәрі заңды тұрғыда шұғыл жасалатын бүгінгі әрекеттерге дайын болғанымыз дұрыс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: