Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дайрабай Ысқақов – 75 жаста

27.04.2022, 15:45 635

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагері, салық қызметінің үздігі Дайрабай Ысқақовты 75 жасқа толуына орай құттықтап, «Қызылорда облысының Құрмет грамотасын» табыстады.

– Дайрабай Ысқақұлы, Сізді Сыр жұртшылығы атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сыр өңірінің дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға, қаржы, салық салаларының дамуына жоғары дәрежеде қызмет еттіңіз. Бұл еңбегіңізді Сыр жұртшылығы жақсы біледі және ерекше құрметтейді. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз бен ақыл-кеңесіңіз өскелең ұрпақ үшін айнымас темір қазық. Сізді өз атымнан және облыс тұрғындары атынан тағы да құттықтап, шынайы алғысымды білдіремін. Ұзақ өмір, зор денсаулық, отбасыңызға баянды бақыт, әулетіңізге амандық тілейміз, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Басқосуда үзеңгілес әріптестері Дайрабай Ысқақовтың еңбек жолынан естеліктер айтып, игі тілегін арнады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: