Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Bloomberg Ресей Украинадағы басып алған жерлерден бас тартпайтынын жазды

24.07.2026, 12:00 54

Ресей Украинада басып алған аумақтардың ешқайсын қайтаруға ниетті емес. Бұл туралы Кремльге жақын үш дереккөзге сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады Halyqline.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Мәскеу тек өзі басып алған аумақтардың бір бөлігін «буферлік аймаққа» айналдыру мәселесін талқылауға дайын. Дереккөздердің айтуынша, Кремль мұндай ұстанымға Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың 2025 жылғы тамызда Анкориджде өткен кездесуінен кейін келген. Мәскеу сол кездегі бейресми келісімдер жүзеге аспады деп есептейді.

Сондай-ақ дереккөздердің мәлімдеуінше, Ресей Қорғаныс министрлігі Владимир Путинге 2026 жылдың соңына дейін Донецк облысын толық бақылауға алу мүмкін екенін баяндаған. Алайда әскери ортадағы тағы бір ақпарат көзі бұл мақсатқа 2027 жылдан ерте қол жеткізу екіталай екенін айтқан.

Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Bloomberg жариялаған ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпараттың бұрмаланған нұсқасы. Ресейдің Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты ұстанымы өзгерген жоқ», – деді Дмитрий Песков.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар шетелдік БАҚ Ресейдің Украинадан Донецк және Луганск облыстарынан әскерін шығаруды, сондай-ақ НАТО-ға кіру жоспарынан бас тартуды талап етіп отырғанын жазған. Оның орнына Мәскеу Запорожье мен Херсон бағытындағы қазіргі майдан шебін сақтап қалып, Сумы мен Харьков облыстарындағы шағын аумақтарды қайтару мүмкіндігін қарастыруға дайын екені айтылған.

Фото: Usbanov Telegram-арнасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: