Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Барлық тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуы керек»

11.08.2021, 12:10 727

HALYQLINE.KZ Мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының әкімдері қатысты. Аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделігіне байланысты жиынға ауылдық округ әкімдері бейнебайланыс арқылы онлайн қосылды.

Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Қайрат Әбубәкірұлы орындаушылық тәртіп жағдайына жүргізілген талдау нәтижелерімен таныстырып, кіріс-шығыс құжаттары, арыз-шағыммен жұмыс істеу, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, ең тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жағдайы және заң нормаларының орындалуы туралы жан-жақты айтып берді.

– Барлық тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуы керек. Талдау жүргізіңіз: егер объективті себептер болса, оларды жою қажет, ал егер мемлекеттік органдардың салғырттығынан мерзімдері кешіктірілсе, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастырыңыз, – деген Мұхтар Әуесұлы аудан әкімі аппаратының басшысына тапсырма берді.

Жиын соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мемлекеттік органдардың орындаушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: