Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады

08.02.2023, 16:35 382

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан басшысы Нұржан Ахатов бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді.Қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі үй кезегі мен тұрақты жұмыс мәселесін қозғады. Алғашқысы бойынша қабылдауға келген азаматтарға үй кезектілікке сай берілетіндігі нақты айтылды. Ал, тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға Нұржан Ахатов кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынып, жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Әлеуметтік көмек сұрап келген отбасыға есік алдындағы шағын жылыжайды кеңейту мақсатында 1 млн 380 мың көлемінде қайтарымсыз грант алуға толық мүмкіндік бар екендігі айтылып, қайтарымсыз грант қаражатын алуы үшін жол көрсетілмек.

Сондай-ақ, ипотекалық үй алуға ниет білдірген жандар үшін Шұғыла мөлтек ауданынан салынған 20 тұрғын үйдің бірін алудың шарттары түсіндірілді. Мұнан бөлек, қабылдауға келген әлеуметтік топқа жататын, әрі пәтер жалдап тұратын отбасыларға жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет тарапынан өтеп беруге бағытталған арнайы бағдарлама таныстырылды.

Жалпы жеке қабылдау барысында 10-нан астам адамның түрлі деңгейдегі мәселелері қаралды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: