Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғалған бүлдіршін табылды

08.08.2022, 15:00 407

HALYQLINE.KZ  6 тамыз күні Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғыны, «102» арнасына екі жасар немересінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Азаматшаның айтуы бойынша немересі сағат 20:30 шамасында аулада ойнап жүріп, белгісіз бағытқашығып кеткен. Әжесі мен анасы өз күшімен іздеп, нәтиже болмаған соң, шұғыл түрде көмек сұрауды жөн көрген.

Арал ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамы жоғалған баланың тұрғылықты үйінің аумағын, орталық алаң, балалар ойыны алаңы және орталық демалыс паркіне барып жедел іздестіру шараларын жүргізді. 

Нәтижесінде бір жарым сағат ішінде бүлдіршін аман-есен табылып, әжесіне тапсырылды.

Риза болған әжесі полиция қызметкерлеріне: «Көмекке мұқтаж болған әр бір жанға, дер кезінде қол ұшын созуға дайын тұратын  полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Ел мүддесі, оның тыныштығы мен жарқын болашағы жолында тынымсыз жұмыс атқарып жүрген баршаңызға толағай табыстар тілеймін!» деп өз алғысын білдірді.

           Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: