Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғалған бала аман-есен табылды (Видео)

25.03.2021, 12:00 538

HALYQLINE.KZ  22 наурыз күні сағат 06:00 шамасында Қызылорда облысы Шиелі ауданының кезекші бөліміне сол ауданда тұратын кәмелетке толмаған 5 жастағы бала үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түсті. Жоғалған баланы іздеу үшін бүкіл полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала аудан орталығында табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: