Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғалған азамат үш күннен соң табылды

06.10.2020, 9:15 740

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ  Жоғалған азамат – 32 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны. Жүйке ауруымен есепте тұрады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Төсбөгет полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қасым Серіковтің айтуы бойынша, 29 қыркүйек күні сағат 00:47 шамасында қаланың 53 жастағы тұрғынынан ұлының үйден шығып, жоғалып кеткендігі туралы хабарлама түскен.

Баласын тауып беруді өтінген анасының айтуынша, жүйке ауруымен есепте тұратын ұлы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған адамның жағдайын ескере келе, полиция бөлімінің жеке құрамы толықтай іздеу жұмыстарына кірісті. Бірнеше мобильдік топты құрып, жақын аймақтарды тінтіп шықты.

Үш күнге созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған азамат Сырдария ауданы, Шаған ауылының тұсында тасжолдың бойында табылды. Полицейлер оны сарыла күтіп отырған анасына аман-есен жеткізді.

Полицейлердің тез арада бағыт бағдар алып, ұлының аман-есен табылғанына ризашылығын білдірген ақ жаулықты ана сақшыларға сәттілік тіледі.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: