Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңсыз аң аулаудың алдын алу – жануарлар дүниесіне жанашырлық

04.11.2024, 10:40 286

Аң аулау – аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алуды жүзеге асыратын жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың түрі.

Аң аулау, Қазақстан Республикасы АШМ-нің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Аң аулау – кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) деп екіге бөлінеді.

Кәсіпшілік аң аулау – кәсіпкерлік қызмет мақсатында аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және олжалаған өнімдерді жеке пайдалану үшін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.
Аң аулау қағидасының 2-тарау 9 тармағында: Аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады деп көрсетіліп, және жалпы аңшылық жасап болғаннан кейін қағиданың 16 тармағында: Аң аулау аяқталғаннан кейiн, аң аулау аралығындағы үзiлiстерде, бiр жерден екiншi жерге көшкен кезде, аңшы аңшылық атыс қаруын оғы алынған күйге келтiріледi делінген.

Осыған қоса, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңының 5-тарау 32-бабы Аң аулау ұғымы және түрлерi аталып көрсетілген.
Онда, Аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi делініп, Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi делінген.

Жануарлар дүниесін қорғау Инспекцияның тікелей міндеті болғандықтан, бұл салада түрлі қиыншылықтар кездесетіні бізге мәлім. Аңшылық маусымы ашыла салысымен аңшы мылтығын арқаланып алып, аң аулауға жолдама парағын алғандарынан бөлек, заңсыз аң атып олжаға кенелгісі келетіндері де көптеп кездеседі.
Осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін жануарлар дүниесін қорғаумен қатар, біздермен облыс көлемінде елді мекендер мен ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер мен жиналыстарда жануарлар дериваттарын немесе бөліктерін заңсыз алу, иемдену, тасымалдау немесе жоюмен айналысу қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратындығы жөнінде хабарландырып, баспасөз беттерінде мақалалар жариялануда.
Заң талаптарды кейбір құқық бұзушылар білмегендіктен жасадым деп ақталады. Алайда, заңды білмеген жауапкершіліктен босатылады деген сөз емес.

Облыс көлемінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу деректерінің алдын алу және құқық қорғау және уәкілетті органдарының заңсыз аңшылық және өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін браконьерлерден қорғау туралы 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен жоспарға сәйкес, табиғат заңнамаларының сақталуына, мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман айналымдарының қорғалуын бақылау жасау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижиесінде 2024 жыл басынан бері инспекциямен заңсыз аңшылыққа қатысты 33 әкімшілік және 3 қылмыстық құқық бұзушылық фактілері анықталды.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесін қорғап және оны сақтап қалуға шақырады!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: