Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңнама бұзу фактісі көп тіркелуде

03.11.2020, 12:40 832

HALYQLINE.KZ Қазан айының 12-cі мен 11 қараша күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 169 дерегі тіркелді. Оның ішінде, 3 қылмыстық және 166 – әкімшілік құқықбұзушылық.

Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) – 76 дерегі анықталды, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктері) 25 дерегі тіркелді, кесуге тиым салынған сексеуіл ағашын кескені үшін 3 азаматқа қатысты (ҚР ӘҚБтК-нің 381-1 бабының 1-бөлігімен) әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданды.

Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен) 32 әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолдануда, ал азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігімен) 31 әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұлдар салынды.

Мысалы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылорда қаласының тұрғынының басқаруындағы «Тойота Руннер» үлгісіндегі автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жолаушысы екеуі заңсыз аң атып алғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен (заңсыз аң аулау қағидасын бұзу дерегі) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: