Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Учаскелік полиция: қанша пайызында планшет бар?

08.10.2020, 16:50 437

HALYQLINE.KZ Облыста «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, заңсыз қаруларды анықтау, көші-қондылыққа бақылау жасау, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау.

Бүгінгі күнге дейін 17 мыңға жуық үй жайлар тексерілді. Аймақта қаруы 8796 адам тіркелген. Полиция қызметкерлері 1101-нің мекенжайына барып, қаруды сақтау, алып жүру және тіркеу ережелерін түсіндірді.

«Облыста 258 учаскелік полиция инспекторы бар. Халық саны мен аумақтың көлеміне байланысты әлі де 145 учаскелік полиция инспекторы мен 128 көмекшіні қажет етеді. Электронды планшеттермен қамтылуы 55 пайызды құрап отыр. Яғни, 143 планшет бар. Ал портативтік бейнетіркегіштермен 44 пайызы жабдықталған», – деді ОПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: