Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Уәдені үйіп-төгіп берген күдікті ұсталды

24.09.2020, 9:00 344

HALYQLINE.KZ 22 қыркүйекте Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтық дерегі бойынша облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны арызданған.

Осы жылдың сәуір айында белгісіз ер адам оның сеніміне кіріп, алдау жолымен 350 000 теңге сомасында қаражатын алғаны анықталды.

Жұмысқа орналасуға көмек беремін деп, сондай-ақ арзан бағамен 1200 дана кірпіш сатып алуға уәде берген. Бірақ, өз уәдесін орындамай, қашып жүрген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрігізілуде.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда қаласы Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: