Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі ұсталды

23.11.2021, 12:00 207

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында кешкілік уақытта  көшелердің бірінде автокөлік иесін ұрып соғып, оның  «Opel Vektra» маркалы автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 1 500 000 миллион теңгені құрады.

Көп ұзамай Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің кәсібилігі мен іс-әрекеттерінің арқасында кезекші тәулікте күдіктілер ұсталды.

Күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі екендігі белгілі болды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болған.

«Қазіргі таңда, ҚР ҚК 200-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен және 202- бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Екі күдікті  қазіргі таңда басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: