Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

TikTok-та тіліне ие болмаған ақтөбелік 5 тәулікке қамалды

14.08.2026, 9:20 25

Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфирде балағат сөздер айтып, қорлайтын ым-ишаралар көрсеткені үшін жауапқа тартылды.

Құқыққа қайшы эфирді облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері интернет кеңістігін бақылау кезінде анықтаған. Тексеру барысында парақша иесінің Береке Нагиева екені белгілі болды.

Сот шешімімен әйел бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

— Әлеуметтік желілер қоғамдық кеңістікке жатады. Жарияланған контент қолданушыны заңға қайшы әрекеті мен сөзі үшін жауапкершіліктен босатпайды. Балағат сөздер, қорлау мен қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеледі, — деп хабарлады полиция.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: